Биылғы түлектерге 53 мың білім гранты бөлінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті.

Алматы, NEGE. Министр бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Құжатқа сәйкес, биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға - 53 864 грант бөлініп отыр. Ғылыми-педагогикалық магистратура бағытына - 12 915, бейінді магистратураға - 710 және PhD докторларын даярлауға - жалпы 2 355 тапсырыс бөлінген. Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс тізімін бұйрық қосымшаларынан қарауға болады.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты