Биылғы мектеп бітірушілерге обал болды

Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған.

 Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады. «Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», - делінген құжатта. Еске сала кетсек, елімізде соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылады.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды