11 мая 2025 г. 18:52
Биылғы Құрбан айтта қазақстандықтар неше күн демалады
Биыл маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің дін өкілдерінің мәліметтеріне сүйене отырып мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусым жұмаға сәйкес келеді. Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
2025 жылғы маусымда қалай демаламыз:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
6 маусым – демалыс,
7 маусым – жұмыс күні,
8 маусым – демалыс.