Биыл жол ережесін бұзудың 4 миллионға жуық жағдайы анықталды

Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты. 

«Жыл басынан ел жолдарында 7 180 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 1 017 адам қаза болып, 9 533 адам түрлі дене жарақатын алды», - деді С. Түсіпов. Оның айтуынша, жолдағы қауіпсіздіктің айқындаушы факторы ретінде бұрынғысынша жүргізушілердің тәртібі қарастырылып отыр. «Биылғы 7 айда жол ережесін бұзудың 4 млн-ға жуық жағдайы анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың 1,4 млн фактісі тіркелді», - деді ведомство өкілі. Белгілі болғандай, осы жылы жол белгілері талаптары мен таңбаларды елемеудің 1 мыңға жуық оқиғасы анықталды. Бұдан басқа, 13 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады