Биыл пневмониядан 3 327 адам өлген

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша өлім статистикасын баяндады.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта пневмониядан болған өлім деңгейі өткен жылдың сол кезеңімен ұқсас. Ал өсу үрдісі маусымның соңында байқалған.

"Бүгін қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен кейінгі 12-ші күн және бұл 14 күндік инкубациялық кезеңде шынжырды үзу үшін жеткіліксіз. Осы кезеңдегі барлық дерлік өлім - карантин енгізілгенге дейінгі кезеңде тіркелген жағдайлар. Биыл 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 өлім оқиғасы тіркелді. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде - 1 896 оқиға. Өсім - 1,75 есе", - деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі пневмониямен ауыратындар стационарлық және амбулаторлық деңгейде көмек алатынын атап өтті.

"Біз барлық жағдайды егжей-тегжей есепке аламыз, өйткені бұл кадрлық қамтамасыз етуді, қаржы, жабдықтар мен дәрі-дәрмектерге қажетті ресурстарды жоспарлау кезінде маңызды мәнге ие", - деп қортындылады Алексей Цой.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған