27 августа 2022 г. 16:31

Биыл педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді

Фото:

Қазіргі кезде мұғалімдер конкурстан өту арқылы жұмысқа қабылданады. Негізгі қойылатын талаптарға білім, еңбек өтілі, ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелері және біліктілік санаты, кәсіби жетістіктері жатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.

Алматы, NEGE. «Мектеп директорларын ротациялау жалғасуда. 2022 жылы 1200 аса директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде 414 директор ротациядан өтті. Педагогтерді ревакцинациядан өткізу бойынша жұмыс жалғасуда, қазіргі кезде олардың 80%-ы қайта егілді», -  деді бірінші виц-министр.

Спикер оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

Биыл 2-сыныпқа арналған оқулықтар толығымен жаңартылып, 1-11 сыныптарға қажеттілікке байланысты арналған оқулықтар сатып алынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларына бекітілген тізбеге сәйкес балаларға арналған 2 млн-ға жуық көркем әдебиет сатып алынады.

Тегтер: