Биыл мектеп бітіру кештері ұйымдастырыла ма?

Пандемияға байланысты аттестат алу рәсімінің соңын думанды кешке ұластыруға тыйым салынады. Мектепке дейінгі орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында осыны баса ескертті.

Алматы, NEGE. «Біріншіден, бұл істі жергілікті атқарушы органдар қадағалауы керек. Білім және ғылым министрлігі тарапынан методикалық нұсқау берілді. Салтанатты шара тек мектептің ауласында болады. Яғни, аттестат тапсыру рәсімі кесте бойынша өтеді. Одан әрі қарай жалғастырып, кеш ұйымдастыруға мүлдем тыйым салынған. Мұғалімдер оқушылар аттестат алғанша байланыста болады. Әрбір оқушы, әрбір ата-ана, әрбір мұғалім қауіпсіздік үшін тыйым салынып отырғанын түсінуі керек. Сантитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты түсіністікпен қарағаны жөн», - деді министрлік өкілі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты