Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Алдымен вице-министр университет студенттері биыл жазда өндірістік тәжірибеден өтетінін атап өтті. «Студенттер қазірдің өзінде өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Ол жұмыс графикке сәйкес жүргізіледі», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ Шолпан Каринова биыл магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді. «Қазіргі таңда студенттерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Алайда әлемдегі және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, бұл мәселе шешімін табады», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті