Биыл көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетеді

Шымкентте биылғы жылы 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады. Осының есебінен 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жетеді.

Алматы, NEGE.  Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алабтарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр.

Жалпы қаладағы 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, ал қалған 8 елді мекен тұрғындарының көгілдір отынға қолы жетпей отыр. Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2021 - 2025 жылдарға арналлған даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Сонымен қатар, қалада №3 автоматты газ-реттегіш станциясының және 58 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысы салынуда.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр