19 августа 2022 г. 12:31

Биыл Қазақстанда 5 жаңа ұшақ сатып алынады

Фото:

Жыл соңына дейін Қазақстанда 5 жаңа ұшақ сатып алынады. Fly Arystan әуе компаниясының паркі 2 ұшақпен, Air Astana - 3 әуе кемесімен толығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа әуе кемелерін жеткізуді жеделдетуді тапсырды. Ол өзінің Telegram-дағы парақшасында Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостермен кездескенін хабарлады. Министр соңғы уақытта жиі болған әуе рейстерінің кешігуі мен ауыстырылуы, сондай-ақ билеттердің тапшылығына алаңдаушылық білдірді.

Рейстердің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтары бұзылмау керектігін де айтты. Жалпы 2025 жылға дейін елге 24 жаңа ұшақ келеді деп жоспарланған. Ал ұшақ тарифтері ай сайын өсуде. Мысалы, маусымда әуе билеттері мамырға қарағанда 15 процентке қымттаған. Баға өсімін Ұлттық статистика бюросы тіркеді.

Тегтер: