Биыл Қаратау ауданында 40 көше жарықтандырылады

Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272  көшенің 36  көшесі жарықтандырылған болатын.

Шымкент, NEGE. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай биыл ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды.

Бұл туралы мегаполис әкіміне энергетика және инфрақұрымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады. Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а Ұстамұхамат, Ақжайық ш/а Бөкейханов, Нұртас ш/а Шертер, Қазақ радиосы, Ақ алтын, Зере, Құсқоңыр және Кентара көшелері.  

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 21 көше - Назарбаев, Асар ш/а Жейхун және балалар емханасының аумағы, Ақбастау, Нұрсат ш/а ішкі орамдарға, Амангелді және Төлеметов көшелеріне, Қайнарбұлақтағы Степная көшесіне, Сіргелі, Асар ш/а №4 және Атекент көшшелері, Орманшы ш/а Алатау, Сайрам т/а Ибрагим ата, Мерген төбе, Кемеқалған, Бабашұлы, Өтебаев, Балқыбеков, Әбдіров, Бекмаханов, Мәртөбе т/а орталық көшелер жарықтандырылмақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды