Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аталып өтеді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов биылғы атаулы даталар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Былтыр ғұлама ғалым, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, 2023 жылғы атаулы даталарды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет», - деді А. Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.

Осы орайда ол биылғы атаулы даталар жайында атап өтті.

«Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшысы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын, көрнекті мемлекет қайраткері, өнер саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығын атап өтеміз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?