Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды.

Алматы, NEGE. Оның орнына басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.

«Биыл қала күні отшашу болмайды. Дегенмен, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін. Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылады, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттері табысталады», – деді әкімдіктік баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?