Биыл Алтынтөбе тұрғын алабы табиғи газбен қамтылады

Абай ауданында 34 елдімекеннің 23-і (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

Шымкент, NEGE.  7 елдімекенді (Алтынтөбе, Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ) табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталды. Алтынтөбе тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталады.

Тәуелсіздікке-20 жыл, Айкөл, Құрсай, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын ауданына қатысты ЖСҚ әзірленуде.

Көкбұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар тұрғын алаптарының халқы алдағы жылы табиғи газбен қамтылатын болады.

Нәтижесінде жыл соңында ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ