Биыл 155 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталады

Шымкент қаласында автомобиль жолдары саласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Шымкент, NEGE. Биыл 134 жаңа нысан құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, құрылыс және қайта жаңарту – 6, орташа жөндеу бойынша – 128 нысан.

Қазіргі таңда 99 нысан бойынша мердігер мекемелермен келісімшарттар түзілген. 1 нысанда жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде.
Қалған 34 нысанға 2021 жылғы наурыз айында өткен бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлінген. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында келісімшарт түзіліп, шілде айында жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпы 168 нысанда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, биыл қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, оң жақ өткел салу – 8 және орташа жөндеу бойынша – 138, жалпы 155 нысан құрылысы аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?