Биыл Ораза айы 29 күнге созылады

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді.

Pixabay.com

Алматы, NEGE. Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді