Биыл елімізде 340 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді.

gov.kz

Алматы, NEGE. 1 қыркүйекте 4,1 млн оқушы мектепке барады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ол жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басқарудың жаңа стандарты әзірленіп, 3 мыңнан астам педагогтер үш деңгейлі оқытудан өтті. Аталған модель өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айынан бастайды»,— деді Ғани Бейсембаев.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады