Биыл "Астана" халықаралық форумы өткізілмейді

"Астана" халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Akorda Press

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған "Астана" халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.

"Астана" халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты