Биыл Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталады

Әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын іске қосу 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жаңғырту жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді.

gov.kz

Астана, NEGE. Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәлімдеуінше, бұл шаралар Астана әуежайының өткізу қабілетін 4 есе арттырып, 40 млн жолаушыға жеткізуге дейін жағдай жасайды.

Сондай-ақ, ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында шілде айында Алматы әуежайындағы ішкі терминалының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталатынын атап өтті.

«Алматы әуежайының өткізу қабілеті 14 млн жолаушыдан 19 млн-ға дейін артады. Ұшу-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталады», – деді премьер-министр.

Сондай-ақ, ол авиациялық отын бағасы $1,2 мыңнан шамамен $950-ге дейін төмендегеніне тоқталып өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұл шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды