Биіктігі 24 метр шырша қай қалада орнатылды?
Жаңа жыл қарсаңында саудаланып жатқан жасанды шыршалардың бағасы көлемі мен сапасына қарай әрқалай. Не де болса базардан 2500 теңгеден бастап 2 миллион теңгеге дейін өзіңізге ұнамды шырша сатып алуға болады.
Алматы, NEGE. 24.kz хабарлауынша, елдегі ең арзан жасанды шыршалар Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында. Ондағы баға 2 500-4 000 теңге аралығында. Ал Түркістан мен Қызылордада жасыл атрибут құны шамамен екі есе жоғары – 7 мың теңге.
Елордада таңдау көп – 8 500-2 миллион теңге аралығында. Алматы қаласында да баға осындай.
Аталған мерекені атап өтуге мемлекеттік мекемелер де қаржы бөліп, алаңдарға шырша қояды. Мәселен, Талдықорған әкімдігі осы жылы 24 метрлік шыршаны Украинадан алдырыпты. Және оған 9,5 миллион теңге қаржы жұмсаған.
Ал әлемдегі ең қымбат жасанды шырша бағасының 15 миллион 300 000 доллар екен. Испанияның Марбелья қаласында "Кемпински Байя" қонақүйінде орналасқан. Биіктігі – 6 метр. Сваровски кристалымен және сапфир мен гауһартас сынды қымбат зергерлік бұйымдармен безендірілген. Белгілі дизайнерлердің аксессуарлары да бар. Ал домалақ ойыншықтардың орнында страус жұмыртқалары ілінген. Сырты алтын пластинкалармен және алмаз ұнтақпен қапталған. Жасыл өсімдік тәулік бойы күзетіледі.