Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік сегіздікке енді

29 желтоқсан күні Нью-Йоркте шахматтың рапид түрінен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан атынан қатысқан ең үздік ойыншы Бибісара Асаубаева сегізінші орынға ие болды.

spo

Алматы, NEGE.  Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева турнир барысында бірде-бір партияда жеңілмей, 7,5 ұпай жинады. Соңғы күнгі ойындарда ол армениялық Анна Саркисянды жеңіп, қытайлық Цзюй Вэньцзюнь және моңғолиялық Турмунхийн Мунхзулмен тең түсті.

Әлем чемпионы атағын үндістандық Хампи Конеру жеңіп алды (8,5 ұпай). Екінші орынды қытайлық Цзюй Вэньцзюнь, үшінші орынды ресейлік Катерина Лагно иеленді. 

Бұл нәтижемен Бибісара Асаубаева америкалық рапид турнирін сегізінші орынмен аяқтап, өзінің тұрақты жоғары деңгейін тағы бір рет дәлелдеді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді