26 мая 2025 г. 12:04
Бибісара Асаубаева Қазақстан тарихындағы екінші әйел гроссмейстер атанды
Бибісара Асаубаева Қазақстанның жаңа гроссмейстері атанды.
Алматы, NEGE. БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде 21 жастағы Бибісара Асаубаева өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты.
Бибісара 64 гроссмейстер қатысқан турнирде үздік 30-дыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті – әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді тек ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекіту қалды – содан соң Бибісара қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер (GM) атанбақ. Біріншісі – Жансая Әбдумәлік.
қазір оқып жатыр