Бибісара Асаубаева Үндістандағы Гран-при турнирінде жеңіспен бастады

Шахматтан екі дүркін чемпион Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өткен беделді Гран-при жарысын сәтті бастады.

Алматы, NEGE. Жарыстардың бірінші айналымында Қазақстан шахматшысы жергілікті спортшы Рамешбаба Вайшалиден басым түсіп, 1 ұпай жинап, Гран-при көшбасшыларының тізіміне енді.

Айта кетері, бұл жарыс ұйымдастырушылардың түсінбестігі мен қатесінен жоспарланған кестеден бір күн кеш басталды. Осыған байланысты екі қатысушы турнирге қатысудан бас тартты: Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Элизабет Петц (Германия).