Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында жүлделі болды

28 желтоқсан күні Польша астанасында жылдам шахматтан ФИДЕ-нің әлем чемпионаты аяқталды.

Алматы, NEGE.  Чемпионат қорытындысы бойынша, 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева екінші орын иеленіп, күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Шешуші партияларда Бибісара Грузияның тәжірибелі шахматшысы – гроссмейстер Нана Дзагнидзені, отандасы Әсел Серікбайды ұтып, әлем чемпионатының жеңімпазы – халықаралық гроссмейтер Александра Костенюкпен ойынды тең аяқтаған.
Биыл Б.Асаубаева әйелдер арасында онлайн өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, Қазақстан Республикасы құрамасында ойнап, Бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік 8 команданың қатарына кірген, көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Ал Қызылорда облысының өкілі әйелдер арасында халықаралық шебер Әсел Серікбайдың жеңіске жетуіне сәл ғана сәттілік жетпеді. Чемпионат бойы Әсел көшбасшылар қатарында болып, Катерина Лагно және Александра Костенюк сияқты әлемнің жетекші шахматшыларымен тең ойын жүргізген.

Бүгін блицтен шахмат чемпионаты басталып, 30 желтоқсанда аяқталады. Жарысқа Қазақстаннан 7 шахматшы қатысады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр