Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі шахмат фестивалінде бірінші орынды иеленді

Спортты дамыту дирекциясы Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, еліміздің шахматшылар рейтингінде үздік деп танылды,

деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Алматы, NEGE. Абу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде әйелдер арасында Бибісара Асаубаева бірінші орынды жеңіп алды (9 мүмкін ұпайдан 5,5 ұпай). Көрсетілген тамаша нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшы қыздардың рейтингтік тізімінде бірінші орынға шығарған.

Соынмен қатар "Masters" тобында қазақстандық қатысушылардың ішінен Арыстанбек Уразаев үздік нәтиже көрсеткен 9 мүмкін ұпайдан 6,0 ұпай жинады. Мықты қарсыластарымен текетірестегі екі ақтық жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстерлік ұпай нормасын орындауға мүмкіндік берген.

Әйелдер турнирі ("Ladies") құрамы да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, үшінші орынды бөлісіп, қосымша көрсеткіштер бойынша бесінші орынға жайғасты. Әнел Мұратова (Алматы) 5,0 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға ие болды