Бибігүл Төлегенова: Референдум – үлкен мереке
ҚР Халық әртісі, Алматының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді.
Алматы, NEGE. «Бүгін үлкен мереке - референдум күні. Қазақстанды мен ең тұрақты республика деп санаймын. Жастарымыз жұмыс істеуі керек, күш-жігерін мемлекеттің игілігіне жұмсауы тиіс. Өйткені біздің уақытымыз өтіп жатыр, ал біздің орынымызды басатын - жастар. Қазір біз тек даму үшін ғана емес, басқа мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын үлкен республика мәртебесіне жету үшін де жұмыс істеуге тиіспіз. Жастар еліміздің деңгейін көтеруге атсалысуы керек» - деді Бибігүл Төлегенова.