Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан әйелдер арасындағы жарысқа кімдер қатысады?

Қазақстан құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарына қатысқаннан кейін бірден әлем чемпионатына аттанды. Байрақты дода Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтуде.

ҰОК

Алматы, NEGE. 18 ақпанда әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сын бойынша жарыстар өтеді. Бұл сында еліміздің намысын үш спортшы қорғайды: Ольга Полторанина, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко.

Жарыс жолына жалпы 93 биатлоншы шығады. Бәсеке Астана уақытымен 19:05-те басталады. Ал ерлер арасындағы жекелей жарыстағы медальдар 19 ақпанда сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты