Бейжің қаласына рейстер саны артты

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылдың 27 сәуірінен бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы – Бейжің әуе бағыты бойынша рейстер санын аптасына 3-тен 7-ге дейін ұлғайтты.

Рейстер сыйымдылығы 152-200 орындық «Эйрбас-А320/А321» типті әуе кемелерінде орындалады.

Айта кетсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында өзара визасыз режим жұмыс істейді.

Рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты