Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры сайлауда дауыс берді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ең жас мектеп директоры Балуанияз Демеуов мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Балуанияз Демеуов

Астана, NEGE. 30 жастағы Балуанияз Демеуов Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарады. Ол алғаш рет 27 жасында мектеп директоры болып тағайындалған.

«Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел өміріне араласуына берілген мүмкіндік. Сондықтан мұндай маңызды науқаннан тыс қалмай, дауыс беру әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз деп санаймын. Бүгін мен де өз таңдауымды жасадым», – деді ол.

Демеуов еңбек жолын 2017 жылы білім саласында бастаған. Аудандық білім бөлімінде бас маман, тарих пәнінің мұғалімі және Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінің директоры болып жұмыс істеген.

2025 жылдың тамызынан бері Ж. Қалдығараев атындағы мектепті басқарып келеді.