Бейнеу ауданында жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтар анықталды

Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесімен педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мысалы, «Ә» есімді педагог 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында қызмет атқарған.

Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.

Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен 7 педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр