Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингте 29 орын жоғары көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасында жаңартылған рейтинг жариялады, деп жазады Prosports.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Үздік үштік өзгеріссіз қалды: италиялық Янник Синнер көш бастап тұр, испандық Карлос Алькарас екінші орында, неміс Александр Зверев үшінші орында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик төрт орын жоғалтып, 32-орынға түсті. Александр Шевченко екі сатыға көтеріліп, 59-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин 111-ші болып қалды, Дмитрий Попко 173-тен 175-ке төмендеді, Бейбіт Жұқаев 29 сатыға көтеріліп, 184-орынға жайғасты, Тимофей Скатов 194-ші (-2) орынды қанағат етті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды