Бейбіт Қорғанов жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш айналымына өтті

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Қорғанов (97 келіге дейінгі салмақта) Тиранда (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш айналымына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. 18 финалда Қорғанов армениялық Хайку Хлоянуға есе жіберген еді.

Жартылай финалдар қорытындысы бойынша Хлояну финалға шығып, Қорғановта жұбаныш айналымына шығу мүмкіндігі туды. Ол бүгін, 22 қазан күні болады.

Қазақстандықтың қарсыласы Германиядан келген Антон Вьювег болмақ.

Еске салсақ, жұбаныш айналымы сәтті өтсе, Бейбіт Қорғанов «қолаға» таласады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?