«Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы Мәскеуде қайтыс болды

Атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы Олег Гофман оқыс оқиға салдарынан өмірден өтті. Ол — «Динамо» (Мәскеу) командасының түлегі.

«Бейбарыс» хоккей клубы

Алматы, NEGE. Бұл деректі «Бейбарыс» хоккей клубы баспасөз қызметі растады.

«Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы Олег Гофманның өмірден өткенін хабарлаймыз. Ол соңғы екі маусымда біздің команданың намысын қорғады. Ол біздің жадымызда сенімді қорғаушы, лайықты тұлға ретінде мәңгі сақталады», — делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Олег Гофман 2001 жылы туған, Ресей азаматы. Бойы — 180 см, салмағы — 80 келі. «Динамо» (Мәскеу) командасының жастар құрамасында 166 ойын өткізген. Осы команданың құрамында 2021 жылы Харламов кубогінің иегері атанған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Олег Гофман кеше, 18 мамырда өмірден өткен. Оның өмірден өтуіне оқыс оқиға себеп болған. Нақтылай айтқанда, Мәскеу қаласында 6-қабаттағы балконнан құлаған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды