Бетперде киген қарақшы банктегі адамдарды кепілге алды (видео)

Грузияның Кутаиси қаласында бетперде киген қарулы адам банкке кіріп, адамдарды кепілге алды.

Алматы, NEGE. «Ер адамның қанша адамды кепілге алғаны және оның қандай талаптары бар екені әлі белгісіз», делінген хабарламада. Сондай-ақ оқиға орнында арнайы операция жүргізіліп жатқаны нақтылануда.

Куәгерлердің айтуынша, олар қарулы адамның банк бөлімшесіне қалай басып кіргенін көрген, оқ атылған дауыс та естілген. Таратылған ақпаратқа сәйкес, басқыншы 2 миллион ақша талап етіп отыр. Ал оның қандай валютада екені белгісіз.

Бұған дейін елдің шығысындағы Кварели қаласындағы Грузия банкі филиалының ғимаратына да қарулы адам басып кірген болатын. 

Қарақшы 15 адамды кепілге алып, гранатамен қорқытып, жарты миллион лари (83,9 млн теңге) көлемінде өтемақы талап еткен.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті