Бетперде киген жігіт су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана алып берді

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал қара бетперде таққан жігіт биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана алып берді.

instagram.com/ chelovekvmaskee

Алматы, NEGE. Видео Instagram желісіндегі chelovekvmaskee парақшасында жарияланды. Ол баспана қай өңір тұрғындарына берілгенін жазды.

«Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады