«Бэтменді» сомдаған актер өмірден өтті

«Бэтмен мәңгілік» және The Doors фильмдеріндегі рөлдерімен танымал 65 жастағы америкалық актер Вэл Килмер қайтыс болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол пневмонияның асқынған түрімен ауырған. Бұл туралы актердің қызы Мерседес Килмер хабарлады. Актер сейсенбі күні кешке Лос-Анджелесте отбасы мен достарының ортасында көз жұмған. 

2014 жылы оған көмей ісігі диагнозы қойылып, сөйлей алмай қалған. Бірақ актер бұл ауруды жеңіп шыққан.

Вэл Килмер 1980-1990 жылдары «Топ Ган», «Нағыз данышпандар», «Уиллоу», «Схватка» және «Қасиетті» сияқты фильмдердегі рөлдерімен танымал болды. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін