Бет-әлпетті тану жүйесіне тыйым салынбақ

Еуропалық комиссия қоғамдық орындарда бет-әлпетті тану жүйелерінің қолданылуына бес жылға дейін тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.

Алматы, NEGE. Комиссия бұл технологияның қандай зиян келтіруі ықтималдығын анықтап алмақ. Жаңа технология бейнебақылауда полиция іздеп жатқан адамдарды табу үшін адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік береді. Тыйым тек қауіпсіздік жобалары мен зерттеу жұмыстарына салынбайды. Комиссия бет-әлпетті тану жүйелерін жасаушыларға да, пайдаланушыларға да жаңа міндеттер беруді ұсынды.

Сонымен қатар Еуроодақ елдерін жаңа ережелерді бақылайтын орган құруға шақырды. Ал Қытай керісінше, мұндай жүйені дәріханаларға қойып жатыр. Осылайша, психотропты дәрілерді сатып алушылар бетін сканерлеу арқылы өзінің кім екенін көрсетуі керек.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды