Бесінші бітімгершілік ротасы Ливанға жіберілуге ​​дайындалып жатыр

Қазақстандық бітімгершілік полкіне қарасты оқу орталығының базасында Ливан Республикасындағы миссияны орындау үшін бесінші қосалқы бітімгершілік ротаның әскери қызметшілерін оқытуда, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. NEGE. Хабарламада: «Аталған миссияның мандатына сәйкес бітімгершілік даярлық, әскери дәрігерлер мен минасыздандыру орталықтарының мамандары мен нұсқаушылары бесінші бітімгершілік ротасының әскери қызметшілерімен бітімгершілік тақырыбында теориялық және практикалық сабақтар өткізуде», – деп жазылған. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, теориялық дайындыққа Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі принциптері мен құрылымын, сол елдің жергілікті тұрғындарының мәдениеті мен тарихын, операцияларды жүргізуге миссия мандатын, бітімгершілерге қойлатын талаптарын, халықаралық құқық пен қарулы қақтығыстардың негіздерін, күштерді қолдану ережелерін зерделеу кіреді. Сондай-ақ бесінші бітімгершілік ротаның құрамына ағылшын тілін меңгерген, қолайсыз (ыстық) ауа райы жағдайларында қызметке жарамды, моральдық және психологиялық тұрғыдан тұрақты келісімшарт бойынша әскери қызметшілер іріктелгені атап көрсетілді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады