5 октября 2022 г. 8:37

Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:

 Еліміздің бес өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.  5 қазанда Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.  Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с.  Шымкентте шығыстан 15-20 м/с жел соғады. 

Тегтер: