Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 сәуірде Қазақстанның 5 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. 12 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал. Шымкент қаласында 12 сәуірде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. 12 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. 12-13 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 12 сәуірде солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді