Бес күндік семинарға Т2,5 млн жұмсалмақ
Шымкентте имамдар мен теологтарға арналған бес күндік семинарға Т2,5 млн жұмсалмақ.
Алматы, NEGE. Шымкентте ішкі саясат және дін істері басқармасы мемсатып алу порталында дін саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі имамдар мен теологтарға арналған бес күндік оқыту семинарын ұйымдастыру және өткізу бойынша Т2,491 млн. сомаға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырған.
Техникалық ерекшелігіне сәйкес, семинар ұйымдастырушысы кем дегенде 100 дана сертификат, 30 ш.м. баннер, 60 беттен тұратын 30 дана әдістемелік оқулық дайындауы керек.
Сонымен қатар, семинарды ұйымдастырушы екі дінтанушыны, екі саясаткерді және бір психологты таңдауы керек.