Бес елдің өкілдері Каспий теңізінің мәртебесін бөлу мәселесін талқылады

Мәскеу қаласында Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Астана, NEGE. Келіссөздерге Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан делегациялары қатысты.

Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесі туралы келісім жобасын талқылауды жалғастырды. Каспийдегі ынтымақтастыққа шолу жасалды.

Делегациялар Ресей Федерациясына кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының келесі отырысы Түрікменстанда өтеді.

Еске салсақ, Сенат Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараларды заңды түрде бекітуге арналған құжатты қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті