Берлинде жүк көлігінің жүгізушілері наразылық акциясын ұйымдастырды

Оған мыңнан аса адам жиылған. Арасында тек Германия астанасының халқы ғана емес, өзге өңір тұрғындары да бар.

Алматы, NEGE. Жүргізушілер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, артынан Бранденбург қақпасының алдына жиылған. Салдарынан жолда кептеліс пайда болды. Наразылық акциясының қатысушылары осылайша, нарықтағы жосықсыз бәсеке мәселесіне көңіл аудармақ болған. Жергілікті фирмалар әдетте Шығыс Еуропадан келген жүк жүргізушілерді жалдайтын көрінеді. Өйткені олар өз қызметі үшін аз ақша алады. Салдарынан неміс жүргізушілері тапсырыссыз қалғандарын айтады. Олар «пандемия кесірінен онсыз да жұмыс азайды» дейді.

Жүк көлігі жүргізушілері одағының мүшесі Андреас Шмидт: "Біз Берлинде осымен екінші мәрте ереуіл ұйымдастырып отырмыз. Мәселен, Литва не Польшадан келген жүргізушілер орнатылған бағалардан аз ақша сұрайды. Біз оларға қарсы емеспіз. Дегенмен, Еуроодақ елдері тұрғындарының барлығының құқығы бірдей болу керек қой. Жалақысында да айырмашылық болмаған дұрыс. Кейбір әріптестеріміз айлап үйін көрмей жұмыс істейді. Сондықтан бұл жүйе әділетсіз деп санаймыз" деді. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді