Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

2026 жылғы 28 сәуірде Берлин қаласында Германияның Федералдық қылмыстық полициясы Қазақстан азаматы Сергей К.-ны ұстады. Ол Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінді.

Pixabay.com

Астана, NEGE. Германияның Федералдық прокуратурасының мәліметінше, Сергей К. кемінде 2025 жылдың мамыр айынан бастап Германия аумағында жүріп, Ресейдің барлау қызметімен тұрақты байланыс орнатқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті өз кураторына түрлі мәліметтерді, соның ішінде Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі туралы ақпаратты, сондай-ақ дрондар мен робот техникасын өндіретін компанияларды қамтитын қорғаныс өнеркәсібіне қатысты деректерді жолдаған.

«Бұдан бөлек, ол Берлиндегі қоғамдық ғимараттардың және автобандардағы әскери колонналардың, соның ішінде НАТО елдерінің біріне тиесілі колоннаның фотосуреттерін бірнеше рет жіберген. Сонымен қатар Германиядағы ықтимал диверсиялық нысандар туралы ақпарат беріп, диверсия және тыңшылық топтарына адамдар тартуға дайын екенін білдірген», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерінде және іске қатысы жоқ бір адамның үйінде тінту жүргізілді.

2026 жылғы 29 сәуірде күдікті Германия Федералдық сотының тергеу судьясына жеткізіліп, оған ресми айып тағылып, қамауда ұстау мәселесі қаралады.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды