Берлин тұрғындары карантин режиміне наразы

Германия астанасында карантин режиміне қарсы наразылық шеруі өтті.

Алматы, NEGE. Шараға жергілікті билік тарапынан рұқсат берілмеген. Біра соған қарамастан, бірнеше жүз мың тұрғын қала орталығына жиналып, биліктен тыйымдарды алып тастауды талап етті. Олардың айтуынша, карантин адамдардың құқықтарын бұзып отыр. Полицейлердің шерушілерді күштеп таратуына тура келді. Себебі көшеге шыққан тұрғындар тәртіп сақшыларының қазір топтап жиналу қауіпті деген үндеуіне құлақ аспаған.

 "Швеция коронавирусқа байланысты толық карантин енгізген жоқ. Себебі пандемия бастапқыда жарияланғандай қауіпті болмай шықты. Ал бізде шектеулерді енгізгеніне біраз уақыт өтті. Шынымды айтсам, бұл шараның дұрыстығына күмәнім бар" дейді шеруге шыққан азамат. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды