Берік Уәлимен сұхбат кейінге шегерілді

Президенттің баспасөз хатшысы бүгін 20:30-да 'Qazaqstan' Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат беру керек еді.

Алматы. NEGE. Сұхбат барысында Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай екенін айтуы керек болған. Алайда ұлттық арна: «ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз», – деп мәлімдеді.