Берік Тұрсынбеков: Асылып өлмек болғанымды әйелім көріп қалды

Алғаш "Шаншар" театрында өнер көрсетіп, кейін "Шымкент шоуы" арқылы танылған актер Берік Тұрсынбеков бастан өткен оқиғаларымен бөлісті.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты. 

Алматы. NEGE. Тұрсынбеков 33 жасында күйзеліске түсіп, қиындыққа тап болады. Оған не себеп болғанын өзі де білмейді.

"Берік ауыр күндерді бастан кешті. Отбасы да, әріптестері де білген жоқ. Өте қиналды. Оған не себеп болғанын сол күйі білмей кеттім. Ол туралы айтпайды. Мен қатты қорықтым. Тіпті шифонердің, үйдің есігін ашып қалсам, Берік асылып тұратын секілді болатын. Ол кезеңнен өттік. Қайтып келмесе екен деймін. Елдің сөзі, өсегі әсер еткен шығар деп ойлаймын", - деді әйелі Қарлығаш. 

Тұрсынбековтің айтуынша, күйзеліске түскен жылдары әйелі өзінің асылып тұрғанын 1-2 рет көріп қалған. Содан шошынып қалған дейді ол. 

"Мен бала күнімнен өз-өзіммен сөйлесіп жүретін адаммын. Ел мені жынды деп ойлайтын. Қазір ойласам, құдаймен сөйлеседі екенмін. Оны көріп тұрғандай сөйлесемін. Бір уақыттарда құдаймен байланысым үзіліп қалды. Сол кездері қиындыққа түстім. Арақтың да әсері бар. Шайтан азғырды. Өлсем құдай кешіреді деп ойладым. Бетпе-бет сөйлескім келді. Қазір ойласам, оның бәрі үшін ұяламын. Егер мен мектептегі алғашқы махаббатыма, не басқа қызға үйленсем, сол кезде жалғыз қалар ма едім. Бірақ Қарлығаш менің қасымда болды. Мені қолдады. Көмектесті. Әйтеуір сол тығырықтан алып шықты", - дейді актер. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?