Бергей бір нәрсеге дайындалып жүр...

Әлеуметтік желіде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің спорт залда терлеп-тепшіп жаттығып жүрген видеосы жарияланды.

Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев 1967 жылы Атырау облысының Мақат ауданында туған. Негізгі мамандығы – архитектор-құрылысшы. Оған қоса заңгер.

Еңбек өтілін 1991 қарапайым мастер ретінде бастаған ол 2006 жылдан 2012 жылға дейін Атырау облысының әкімі болып қызмет атқарды.

2011 жылы Жаңаөзенде және Шетпеде халыққа оқ атылып, қан төгілгені белгілі. Осы оқиғадан соң көп ұзамай Б.Рысқалиев қызметінен босатылып, артынша шекара асты. Кейбір деректерге қарағанда, ол қазір Лондонда тұрады.

Ағайынды Бергей мен Аманжан Рысқалиевтердің төңірегінде түсініксіз жайттар көп болған. Олар шетел аса салып-ақ Рахат Әлиев «Рысқалиевтерді өлтіріп тастады» деп жар салды. Тіпті «олардың денесі көмілген жер» деп әлдебір орынды да көрсетті. Алайда бұл жалған болып шықты.

А.Мусин, Б.Рысқалиев және Н.Назарбаев

Рысқалиевтердің үстінен қозғалған қылмыстық істе де көпшілік білмейтін құпия аз емес. Алдымен сот үкімі арқылы олардың дүние-мүлкі тәркіленді. Артынша Бергейдің біраз дүниесін өзіне қайтарып берді.

Оппозициялық журналист Ермұрат Бапи «Бергей Рысқалиевтің Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы компроматы бар» деп мәлімдегені де есте. «Төбесінде тесігі бар» сарапшылар журналистің уәжін шынға балайды.

Енді міне, біраз уақыттан бері «су түбінде» тыныш жатқан Бергей Рысқалиев Қазақстан билігіне спорт залдан «сәлем» жолдады.

Ерекше атап өтуге тиіспіз, 54 жастағы Бергей Рысқалиевтің физикалық дайындығы өте жақсы екен.

Бергей бірдеңеге дайындалып жүрген жоқ па?..  

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті