10 июня 2023 г. 8:56
Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 70 жасында өмірден өтті.
Алматы, NEGE. Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген.
Сапарбаев - Қазақстандағы бес өңірдің (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының) бұрынғы әкімі, премьер-министрдің орынбасары, еңбек министрі, экономика ғылымдарының докторы.