Бердібек Сапарбаев коронавируспен күрес жоспарын талқылауға қатысты

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында коронавируспен күрес жоспары талқыланды.

Алматы, NEGE. Отырыста баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев нақтылы кезеңде ауру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда ауыр жағдайдағы науқастар саны – 16, жан сақтау бөлімінде жатқандар – 31 адам. 214 мобильдік топ өз жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда олардың жұмысында кейбір жағдайларда төмендеу бар. Олармен бүгінгі таңда 544 хаттама толтырылып, 28 миллион теңгеге айыппұлдар салынды. Ең аз айыппұл Жуалы, Сарысу, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында салынған. Халықтың әлі де маскасыз жүруі, кейбір мейрамхана, тойханалардың астыртын жұмыс істеу фактілері кездеседі. Алдағы уақытта карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Алайда халық арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыру қажет», – деді ол.

Сондай-ақ, Е. Жылқыбаев медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеуді ұйымдастыру үшін бірнеше рет комиссия отырысы өткенін атап өтті.

Өңірде 304 медицина қызметкері КВИ-мен ауырса, олардың әрқайсысының инфекцияны жұқтыру жағдайлары зерделеніп, анықталуда. Оларға тиесілі үстемеақы төлеу жөніндегі ұсыныстар жолданған.

Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын жақсарту мен медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастыруда.

Мысалы, жақын күндері 4 дана цифрлы рентген аппараты, ауыр дәрежедегі науқастарға арналған 2 дана ЭКМО құрылғысы, 7 компьютерлік томограф, 14 өкпені жасанды желдету аппараты және басқа жабдықтар алынбақшы.

«Қазіргі таңда КВИ-мен ауыру көрсеткіші өсуі әлі де болса Тараз қаласында, Қордай ауданында байқалады. Сондай-ақ Жуалы, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласындағы мобильдік топтардың жұмысы өте нашар. Бірнеше тексеру жүргізгенмен, ешқандай заң бұзушылық анықталмады деп есеп береді. Ал науқастардың тіркеліп жатқаны бар. Мысалы, Тараз қаласында кешегі бір түннің өзінде 8 науқас тіркелді», – деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімі түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін ескертті.

«Карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету азаматтарды өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қараудан босатпайды. Эпидемияның жаңа өршуіне жол бермеу үшін біз санитарлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды жалғастыруымыз керек. Халық арасында түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет»,– деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған